Қазіргі уақытта елімізде COVID-19 вирусын жұқтырған 7 200-ден астам адам ем алып жатыр
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 262 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
Олардың арасында 384 бала бар. Стационарларда 2 891 науқас жатыр, 4 371 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
«Жалпы, науқастардың арасында 194 адамның халі нашар. Соның ішінде 21 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген ДСМ хабарламасында.