27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 030 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 375 бала бар. Стационарларда 2 813 науқас жатыр. 4 217 адам амбулаториялық жағдайда емделуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жалпы науқастардың арасында 190 адамның халі нашар. Соның ішінде 20 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда.
27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.