Жаңа телеарнаның тұсауы 2021 жылы кесіледі
2021 жылы «Тәлім ТВ» деген жаңа телеарнаның тұсауы кесіледі. Бұл туралы «Асыл арна» телеарнасының бас директоры Мұхаметжан Тазабек айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі .
«2021 жылдан бастап «Тәлім тв» өз жұмысын бастайды. «Асыл арнаның» діни контенттерінің барлығы «Халын арнасына» өтіп, «Асыл арнаның» орнына «Тәлім тв» дейтін жаңа арна ашылады», - дейді ол.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін «Асыл арна» телеарнасы жабылатыны туралы хабарлаған едік.