Павлодар облысында 9 блок-бекет қойылады

Автор: Azattyq Rýhy

Блок-бекеттерден жұмыс орнынан анықтамалары бар адамдар ғана өткізіледі

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында 9 блок-бекет қойылады. Бұл туралы онлайн баспасөз жиынында Павлодар облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Павлодар облысы мен ШҚО шекарасында 2 блок-бекет,   Павлодар қаласының аумағында 5 блок-бекет қойылады. Бекеттер көктемдегі орындарына орнатылады. Ақсуда 2 блок-бекет қойылады. Олар Ақсу-Евгеньевка бағытындағы жолда және Ақсу кенті мен МАЭС маңында болады», - деді Жасқайрат Қайыров.

Блок-бекеттерден pvlinfo.kz рұқсат беру сайтына тіркелгендер, жұмыс орнынан анықтамалары бар адамдар және медициналық қызмет алуға келгендер ғана өткізіледі. Сонымен қатар облыста мониторинг топтарының саны 22-ден 40-қа дейін жеткізіледі.