Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр
Қазіргі уақытта коронавирустан 6 023 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 389 бала бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Стационарларда 2 714 науқас жатыр. 3 309 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 163 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - деп жазылған Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта.