Коронавирус белгілері бар пневмониядан тағы 2 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қайтыс болғандар саны 408-ге жетті

Фото: ашық дереккөзден

7 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 161 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 65 адам емделіп шықты», - деп жазылған ақпаратта.

1 тамыздан бері 38882 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталып, 408 өлім жағдайы тіркелді. Ал жазылып шыққандар саны 29079-ға жетті.