Франция астанасында әр 30 секунд сайын бір адам COVID-19 вирусын жұқтыруда
Франция билігі Парижде және оның айналасында түнгі коменданттық сағатты енгізуге дайын. Мұның себебі – жергілікті халықтың локдаун ережелерін жаппай бұзуы. Полиция жасырын кештер мен жиындарға жиі тап болуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елдің денсаулық сақтау министрі Оливье Веранның айтуынша, Парижде әр 30 секунд сайын бір адам COVID-19 жұқтырып жатыр, ал әр 15 минут сайын ауруханаға коронавируспен ауыратын жаңа науқас келеді екен.
Көктемде Франция мемлекеті Еуропадағы аса қатаң шектеулердің арқасында COVID-19 таралуын тоқтата алған еді.