COVID-19: Қазақстанда тағы 449 адам вирус жұқтырды

Автор: Azattyq Rýhy

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 113 309-ға жетті 

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда кеше 449 адам коронавирус індетін жұқтырған, бұл ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты. 

Аймақтар бойынша: 

Нұр-Сұлтан қаласы - 19 
Алматы қаласы - 25 
Ақмола облысы - 28 
Ақтөбе облысы - 5 
Алматы облысы - 17 
Атырау облысы - 7 
Шығыс Қазақстан облысы - 226 
Жамбыл облысы - 4 
Батыс Қазақстан облысы - 13 
Қарағанды облысы - 16 
Қостанай облысы - 15 
Павлодар облысы - 40.

Жалпы, ел бойынша ауырғандар саны – 113 309 адам.