22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр
Қазіргі уақытта елімізде коронавирустық инфекциядан 4 489 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 333 жеткіншек бала бар. Стационарларда 2 420 науқас жатыр. 2 069 адам амбулаториялық жағдайда емделуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
Жалпы, науқастардың арасында 150 адамның халі нашар. Соның ішінде 15 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
2020 жылғы 2 қарашасындағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек:
Өткен тәулікте пневмонияның 41 жағдайы тіркелді. Бір тәулік ішінде 32 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 38 003, өлім жағдайы - 402, барлығы 28 819 адам сауығып шықты