Валюта бағамы: демалыс күндері доллар қаншадан сатылып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздегі америкалық валюта бағамы жұма күнгі көрсеткіш бойынша тұр

Фото: ашық дереккөзден

Еліміздегі америкалық валюта бағамы 30 қазаннан бері бірқалыпты деңгейде тұр. Бұл туралы kurs.kz сайты хабарлады.

Атап айтсақ, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында доллар 434-435 теңге аралығында сатылып жатыр.

Ал Шымкент, Риддер және Ақтөбе қалаларында 434 теңгені құрап отыр.

Талдықорғанда «көк қағаз» 434,7 теңгеден сатылуда.

Қостанайда доллар 434,5 теңгені, ал Таразда 435 теңгені құрайды.

Сондай-ақ 1 қарашадағы өзге валюталар бағамына тоқталсақ: EURO – 505.02, ресейлік рублі – 5.47, қытай юаны – 64.7, қырғыз сомы – 5,3, түрік лирасы – 51,84, өзбек сумы – 418.