Коронавирустан тағы 90 адам емделіп шықты, 12 науқас ауыр жағдайда жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанда 106 400 адам қауіпті вирустан емделіп шықты

 

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 90 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Ал COVID-19 вирусын жұқтырған 12 адамның жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар бойынша өткен тәулікте:

Нұр-Сұлтан қаласы - 28
Алматы қаласы - 3
Атырау облысы - 11
Шығыс Қазақстан облысы - 3
Батыс Қазақстан облысы - 6
Қарағанды облысы - 19
Павлодар облысы - 17
Түркістан облысы – 3 адам жазылды.

Қазақстан бойынша қауіпті вирустан емделіп шыққандар саны – 106 400 адам.

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта елімізде коронавирустық инфекциядан 4 166 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 330 жеткіншек бала бар. Стационарларда 2 339 науқас жатыр. 1 827 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

«Жалпы, науқастардың арасында 154 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 17 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген ақпаратта.