1 тамыздан бері бұл індеттен 402 адам қайтыс болды
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 216 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан бір тәулікте тағы 77 адам емделіп шықты.
«1 тамыздан бері ауырғандар саны – 37 962. Сондай-ақ 402 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28 787 адамға жетті», - делінген ақпаратта.