Оның жоғалғанын әйелі хабарлаған
Қызылордада тоғыз күн бойы іздеуде болған 42 жастағы азамат аман-есен табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қызылорда облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Облыс орталығында тұратын 41 жастағы азаматша Қызылорда қалалық Полиция басқармасына күйеуінің хабарсыз кеткені жөнінде хабар берген. Күйеуі көлігімен белгісіз бағытта шығып, үйіне қайта оралмаған.
«Полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмысына кірісті. Жоғалған туыстарымен аман-есен табысты. Денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - деп жазылған хабарламада