Жаңа рекорд: Әлемде бір күнде 536 мыңға жуық адамнан COVID-19 анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Коронавирустан көз жұмғандар саны 1,185 млн адамға жетті

Фото: ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдегі коронавирус жұқтыру жағдайы бойынша жаңа антирекорд тіркеді: бір тәулікте 535 928 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бұған дейінгі рекорд (518 803) 30 қазан күні тіркелген еді. Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 45, 428 миллионнан асты. COVID-19-дан 1,185 миллион адам көз жұмды.

Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ (20,311 миллион), Еуропа (10,803 миллион) және Оңтүстік-Шығыс Азия(9,196 миллион) елдері көш бастап тұр.