Коронавирус жұқтырған 128 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанда 3 795 адам коронавирустан емделіп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда осы кезде 3 795 адам коронавирустан емделіп жатыр. Олардың арасында 306 бала бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап. 

«Стационарларда 2 337 науқас жатыр. 1 458 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 128 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 11 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағаланып жатыр. 20 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған», - деп жазылған хабарламада.