Өткен тәулікте 172 адамнан пневмония анықталды
Өткен тәулікте 172 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
«Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмониядан 2 адам көз жұмды. Оған қоса 23 адам жазылып шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 37746, 401 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28710-ға жетті», - деп жазылған хабарламада.