Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды
31 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің шығысында қар жауса, батыс өңірлерде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с артады.
Жамбыл облысында сондай-ақ тұман болжанады.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Алматы, Солтүстік Қазақстан, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.