Astana Bike велосипедтерін жалға беру жобасы елордада 2014 жылдан бері жүзеге асырылып келеді
Нұр-Сұлтанда велосипедтерді жалға беру маусымы ресми түрде 1 қарашада аяқталады. Жексенбі күні таңғы сағат 03: 00-де станциялардағы барлық велосипедтер бұғатталады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап.
Astana Bike велосипедтерін жалға беру жобасы елордада 2014 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Осы жылы жоба CTS басқаруына берілді. Осы уақыт аралығында velobike.kz ресми сайты өзгертілді, онлайн-тіркеу, онлайн толтыру және төлем функциялары сайтта тәулік бойғы режимде енгізілді; Kaspi.kz және QIWI арқылы төлем іске қосылды. Мониторинг үшін камералар қолданылады.
«Барлық жаңашылдықтар қызмет көрсету сапасының айтарлықтай өсуіне ықпал етті, соның нәтижесінде пайдаланушылар саны үш есе артты. Іске қосылған сәттен бастап жүйеге 14,2 мыңнан астам жаңа тұтынушы тіркелді, 14 мың жазылым сатып алынды, ал велосипедпен жүріп өткен жалпы қашықтық – 1,6 миллион км. Велосипедті пайдаланушылардың көпшілігі ерлер - 61,5%, әйелдер - 38,5%», - деп түсіндірді CTS компаниясы.
Велосипедтерді жалға алу мерзімі аяқталған кезде станцияға қайтаруға болатынын еске саламыз. Баланс келесі маусымға ауыстырылады. Қалған бөлігін Р. Қошқарбаева даңғылы, 50/1 мекенжайы бойынша CTS орталық кассасынан алуға болады.