Бір тәулікте 195 адамнан коронавирустық пневмония анықталды
Қазақстанда бір тәулікте 195 адамнан коронавирустық пневмония анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 195 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 28 адам емделіп шықты.
1 тамыздан бері барлығы: ауырғандар - 37574, 399 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28 687-ге жетті», - делінген COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК таратқан хабарламада.