Биыл Қазақстанда браконьерлікке қатысты 120-ға жуық қылмыстық іс қозғалды

Автор: Azattyq Rýhy

Қозғалған әкімшілік істер саны - 6066

Фото: ашық дереккөзден

Жыл басынан бері Қазақстанда браконьерлік фактісі бойынша 117 қылмыстық іс, 6066 әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

«Биыл 10 айда браконьерлік фактісі бойынша 117 қылмыстық, 6066 әкімшілік іс қозғалып үлгерген. Биыл да браконьерлікпен күресті жалғастыру үшін мемлекеттік бюджеттен 845 012 млн теңге қаржы бөлінген. Сонымен бірге инспекторлар үшін 10 КамАЗ көлігі, 9 Toyota Land Cruiser автокөлігі, 2 Toyota Corolla автокөлігі сатып алынған», - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.