30 қазан күнгі ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

Фото: ашық дереккөзден

30 қазан күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың тек солтүстік-шығысы мен шығысында қар мен жаңбыр жауадц., деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, көктайғақ болжанады, түнде жел 15-20 м/с артады.

Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі.

Маңғыстау, Атырау облыстарында, күндіз Түркістан облысында желдің күші 15-20 м/с артады.

Батыс Қазақстан, Қарағанды, түнде Алматы, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.