Қостанай облысында бірқатар карантиндік шектеу алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Облыста қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмыс уақыты түнгі сағат 11-ге дейін ұзартылды

Фото: ашық дереккөзден

 

Қостанай облысында бірқатар карантиндік шектеу алынды. Облыста ашық даладағы аттракциондар жұмысына рұқсат берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Енді Қазақстан біріншілігі, республикалық денгейдегі спорт жарыстарын өткізуге мүмкіндік бар. Тек көрермендерге кіруге болмайды. Облыстық командалар да оқу-жаттығу жиындарын қайта жаңғыртады. Ал қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмыс уақыты түнгі сағат 11-ге дейін ұзартылды. Алайда той-домалақ өткізуге рұқсат жоқ. Түн жарымнан кейін ас-тағамды тапсырыспен жеткізіп беруге болады.

«Бұл мәселе бойынша бізге бірнеше өтініш келіп түсті. Әсіресе Әулиекөл, Федоров аудандарындағы кәсіпкерлердің өтініш-тілегін ескергенді жөн көрдік. Өйткені күре жолдың бойындағы сол аумақтарда жүк көліктері көп аялдайды. Соларды ас-тағаммен қамтасыз ету қажет», - дейді облыстың бас санитар дәрігері Владимир Нечитайло.