Қазақстанда басшылық қызметтегілер айына қанша жалақы алады?

Автор: Azattyq Rýhy

Табысы жоғары салалар айтылды

фото: Батыржан Беспаев

Қазақстандағы еңбек нарығын зерттеу нәтижесі бойынша, жұмыс істейтін азаматтардың жалақы мөлшеріне қатысты жағдай төмендегідей. Ranking.kz орташа айлық жалақы мөлшері әртүрлі деңгейдегі жұмысшылардың үлесі көрсетілген кесте ұсынды:

  • 45 000 теңгеге дейін - 1,8%;
  • 45 000 тг 105 000 теңгеге дейін - 30,8%;
  • 105 000 тг 210 000 теңгеге дейін - 39,2%;
  • 210 000 тг 300 000 теңгеге дейін - 14,2%;
  • 300 теңгеден 420 000 теңгеге дейін - 7,2%;
  • 420 000 теңгеден 600 000 теңгеге дейін — 3,6%;
  • 600 000 теңгеден 750 000 теңгеге дейін — 1,2%;
  • 750 000 теңгеден 900 000 теңгеге дейін — 0,6%;
  • 900 000 теңгеден аса — 1,4%.

Жетекші қызметтегілер мен мемлекеттік қызметкерлердің орташа айлық жалақысы - 354,5 мың теңге. Кәсіби мамандар орташа есеппен 214,8 мың теңге көлемінде, техника саласындағы мамандар мен басқа да кәсіби персонал айлығы - 165,2 мың теңге алады. Ал, біліктілігі төмен жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 83,7 мың теңгені құрады.

Ұйымдардағы тікелей басшылық ететін жетекші мамандардың орташа айлық жалақысы 518,3 мың теңге көлемінде.

Ең көп жалақы алатындар - тұрғын үй және тамақ қызметін ұсыну саласындағы ұйым басшылары (1,8 млн тг). Үздік үштікке тау-кен өнеркәсібі саласындағы ұйым басшылары (1,3 млн тг),  қаржы және сақтандыру қызметіндегі басшылар (1,1 млн тг) кіреді.

Басшылық қызметтегілер арасында ең аз жалақы алатындар - әлеуметтік маңызды салалардағы кәсіпорын басшылары: мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ұйым басшылары (271,8 мың тг), сондай-ақ денсаулық (280,3 мың тг), білім саласындағы жетекші қызметкерлер (323,6 мың тг).

Өңірлер бойынша басшылық қызметтегі адамдардың орташа айлық жалақы көлемі бойынша Атырау облысы (876,6 мың тг), Алматы қаласы (805,6 мың тг) және Нұр-Сұлтан қаласы (638,6 мың тг) көш бастап тұр.

Ал, басшылық қызметтегілер ең аз жалақы алатын өңірлер: Жамбыл облысы (265 мың тг), СҚО (280,2 мың тг) және Қостанай облысы (316,9 мың тг).