Қоймада бар көмір көпшілікке жетпей жатыр
Қызылордада 50-ге жуық жүк көлігінің көмір күтіп тұрғанына 3 күннен асты. Кейбірі, 300 шақырым жердегі шалғай елдімекендерден келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Қызылорда маңындағы 5 көмір қоймасы бүгінгі күнге дейін жүз тоннадан астам көмір сатыпты. Дегенмен, бұл аймаққа жеткіліксіз.
Жергілікті атқамінерлердің айтуынша, көмір тапшылығы жақында жойылуы тиіс. Шұбаркөлден бірнеше вагон көмір келетін көрінеді.
Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жаңабаевтың айтуынша, осы аптаның соңына дейін 146 вагон облысқа келіп, тұрғындарға сатылады.