Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады
28 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Елдің тек батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде күн райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
Ақмола облысында желдің екпіні түнде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.
Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с артады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.