Павлодар облысында карантиндік шектеулер қайта күшейді

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгіннен бастап той-томалақты толық тоқтату жөнінде шешім қабылдады

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында карантиндік шектеулер қайта күшейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Яғни отбасылық мереке, үйлену тойы, діни шараларға тыйым салынады. Кинотеатрлар жабық. Ойын орталықтарының, компьютерлік клубтар мен караокелердің де жұмыс істеуіне рұқсат жоқ.

Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, жергілікті спортшылардың сырт жерлерде оқу-жиынын өткізу үшін шығуына да жол берілмейді. Тұрғындар қоғамдық орындарда маскамен жүруге міндеттелді. Балабақшадағы кезекші топтар ең көп дегенде 10 бала қабылдауы тиіс.