1 тамыздан бері індеттен 395 адам қайтыс болды
Қазақстанда өткен тәулікте 1 адам пневмониядан көз жұмды. 10 адамның COVID-19 белгілері бар пневмония жұқтырғаны анықталса, 17 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 36 931, өлім жағдайлары - 395, барлығы 28 548 адам сауығып шықты.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметі бойынша, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 088 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 248 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 333 науқас жатыр. 755 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 115 адамның халі нашар. Соның ішінде 10 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.