Сонымен қатар бір күнде 914 адам көз жұмды
АҚШ-та екі күн қатарынан бір тәулікте 83 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, АҚШ-та соңғы тәулікте 83 718 адамнан коронавирус анықталып, 914 адам көз жұмған.
Америкада коронавирус жұқтырғандар саны 8,5 миллионнан асты. 3,4 миллион ада жазылып шықса, 220 мыңнан астам адам көз жұмды.
Естеріңізге сала кетсек, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 42 миллионнан асты.