18 адам жазылып шықты
Қазақстанда бір тәулікте елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 163 жағдайы тіркелді. Оған қоса 18 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
«1 тамыз – 24 қазан аралығында коронавирустық пневмония 36 895 адамнан анықталды, 393 өлім жағдайы тіркелді, жазылып шыққандардың саны – 28 460», - деп жазылған хабарламада.