$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.10.2020, 11:27
Жаңалықтар

Бүгін Нұр-Сұлтанда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Оқу-жаттығуда түрлі күрделі элементтер қолданылады

Бүгін Нұр-Сұлтанда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

«Елордалық терроризмге қарсы күрес жедел штабы осы жылдың 24 қазанында сағат 08.00-ден 13.00-ге дейін «Астана Су Арнасы» МКК станциясының аумағында (Жансүгірұлы көшесі,7) «Нұр-Сұлтан - Антитеррор-2020» терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр», - деп жазылған хабарламада.

Оқу-жаттығу шынайы жағдайға барынша жақындатылған түрде өтеді. Сондай-ақ түрлі күрделі элементтер қолданылады.

«І.Жансүгірұлы көшесінен Ш.Құдайбердіұлы көшесіне дейінгі сорғы-сүзу станциясы ауданында автокөлік қозғалысы бойынша шектеу шаралары қарастырылған. Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығуға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», - делінген штаб ақпаратында.

Серіктес жаңалықтары