24 қазан күнгі ауа райы болжамы

Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады

24 қазан күнгі ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

24 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады. Әсіресе солтүстік-батысында қатты жауын-шашын болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел екпіні күндіз 25 м/с дейін күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын соғады, күндіз жел қарқыны - 15-20 м/с.

Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жаяу бұрқасын көтеріледі.

Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің күші - 15-20 м/с.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең – көктайғақ.

Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде көктайғақ болады, күндіз жел қарқыны - 18 м/с.

Жамбыл, Павлодар, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі,

Павлодар облысында – көктайғақ. Түнде Қызылорда облысында 1-6 градус үсік жүреді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.