Оның 13-і биыл қолданысқа беріледі
Жоспар бойынша 2022 жылға дейін жаңадан 100 денешынықтыру-сауықтыру кешені бой көтеру керек. Оның 13-і биыл қолданысқа беріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Қазір 7 нысанның құрылысы аяқталды. Бұл жөнінде спорт және дене-шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев мәлімдеді. Оның айтуынша, спорттық кешендердің құрылысы мен ескілерін жөндеуден өткізу мәселесі әсіресе, өңірлерде өзекті. Сондықтан, саладағы инфрақұрылымды тек бас қалаларда ғана емес, облыс орталықтары мен шалғай аудандарда дамытуға басымдық берілген.
«Спорттық кешендердің жобасын жергілікті билік өкілдері ұсынады. Яғни, әр өңірдегі спорттық нысандардың жетіспеушілігі, белгілі бір бағытты дамыту қажеттігі және басқа да факторлар ескеріліп, нақты жобасын бекітеді», - дейді ҚР МСМ спорт және денешынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев.