Олардың суық үйде бүрсең қағып, тоңғанына бір апта болған
Ақтауда жаңа үйге кірген тұрғындар жылусыз отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.
200-ге жуық отбасының суық үйде бүрсең қағып, тоңғанына бір апта болған. Жауапты мамандардан көмек болмаған соң, редакцияға арызданған тұрғындар қыркүйек айында пайдалануға берілген «Керемет» тұрғын үй кешенінің сапасына да шағымданады.
Тұрғындардың айтуынша, бастапқыда жылудың қысымы баяу беріліп, артынша мүлде тоқтап қалған.
«Менің бұл үйге көшіп келгеніме бір ай ғана болды. Келгелі проблемадан көз ашпадым. Енді міне бір аптадан бері жылу жоқ. Тоңып отырмыз. Ол аз болғандай 3 күннен бері ыстық су да келмей қалды», - дейді тұрғындардың бірі.