Қарамағындағы қызметкерінің жемқорлық қылмысы үшін тағы 9 шенеунік қызметінен кетті
Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов «AntikorNews» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің 9 айда атқарған жұмысына тоқталды.
Осыдан бір жыл бұрын қабылданған отставкаға кету және бағыныштылардың жемқорлық қылмысы үшін басшылардың жеке жауапкершілігі туралы норма негізінде бірнеше саяси қызметші қызметін босатқан.
Атап айтқанда, 9 саяси қызметші отставкаға кетіп, түрлі деңгейдегі 33 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Агенттік өкілінің хабарлауынша, тағы 14 саяси қызметші отставкаға кетуі мүмкін.