Өскеменде мейрамханаға қонақ болып барған 15 адам уланып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың үшеуі жүкті әйел

Фото: ашық дереккөзден

Өскеменде мейрамханаға қонақ болып барған 15 адам уланып қалды. Олардың барлығына сальмонеллез диагнозы қойылған. Өкінішке қарай уланғандардың арасында үш жүкті әйел адам бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Науқастар ауруханаға бірдей белгілермен, бірінен кейін бірі түскен. Олардың барлығы мейрамханада тамақтанған.

Қазіргі таңда уланған 15 адамның жетеуі үйде, амбулаторлық режимде ем қабылдап жатса, қалған сегізі стационарда емделуде. Уланғандардың арасында үш жүкті әйел бар.

Уланғандар мейрамхананы сотқа бермек.

Тегтер: