Тоқаев Ұлттық сенім кеңесі отырысына қатысады

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы 22 қазанда өтеді

Фото: Ұлттық кеңестің отырысы, 2019 жыл

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысады. Бұл жайында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Отырыс 22 қазанда сағат 11.00-де басталады.

«Шара барысында мемлекеттік басқару реформасы, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу, балалардың құқықтарын қорғау, ерекше мұқтаждығы бар адамдарды қолдау және басқа да мәселелер қаралады», - деп жазды Уәли.

Отырыс президенттің баспасөз қызметінің Facebook желісіндегі AkordaPress парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.