Петропавл халықаралық әуежайы банкрот алдында тұр

Автор: Azattyq Rýhy

Әуежай жұмысшылары бірнеше айдан бері жалақы алмаған 

Фото: ашық дереккөзден

Бірнеше айдан бері жалақы алмаған Петропавл халықаралық әуежайының жұмысшылары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтан көмек сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

СҚО әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша жалақы қарызы біртіндеп өтелмек. Қазір халықаралық әуежайды банкрот деп тану мәселелері қарастырылуда. Одан кейін мекеме мемлекет қарамағына өтпек.

Құмар Ақсақаловтың сөзіне қарағанда, осындай қадамға бару арқылы ғана әуежайды сақтап, ұшақ рейстерінің санын арттыруға болады.

Эльмира Мәмбеқызы, СҚО