Қашықтан білім алатын балалар арасында 145 жағдай тіркелді
Оқу жылы басталғалы оқушылар арасында КВИ-дің 250 жағдайы тіркелді, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.
«Кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 105 жағдай тіркелді, 1426 адам байланыста болған, олардың 19-нан ауру анықталды. Қашықтан білім алатын балалар арасында 145 жағдай тіркелді, 348 адам байланыста болған, 22-інен ауру анықталды»,- деді вице-министр.
Айта кетерлігі, өңірлерде әсіресе, ШҚО-да науқас көп тіркелген – 69 адам немесе республика бойынша жалпы жағдайдың 31%-ы. СҚО-да 30, Қарағандыда 26, Қостанай облысында 17 жағдай тіркелген.
«Карантин кезінде жұмыс істеп тұрған мектептердің арасында талаптарды орындамаған оқу орындары бар. Бұл мектептерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді»,- деді вице-министр.
Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан