Бұған дейін зерттеу құны 11 500 теңге болған
Коронавирус инфекциясын анықтайтын ПТР тестілеудің құны 8 025 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ұлттық сараптама орталығының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жеке тұлғалар үшін COVID-19 ПТР тестінің құны 8 025 теңгеге дейін төмендегені туралы хабарлайды. Бұл қазіргі таңда Қазақстан аумағындағы ең төмен баға ұсыныстарының бірі», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін зерттеу құны 11 500 теңгені құраған болатын. Тестілеу Ұлттық сараптама орталығының 10 облыстық филиалында жүзеге асырылады.
Тестілеуден өту үшін ҰСО сайтында тіркелуден өту қажет – https://nce.kz/services/covid-2019/.
ПТР-тест тапсыру үшін филиалдардың жұмыс кестесі және байланыс нөмірлері: