Еліміздің 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанның батыс аумағында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

21 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде солтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысып, екпіні 15-20 м/с артады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Түнде және таңертең көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз 15-20 м/с артады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с артады.

Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с күшейеді.