Ауа райы: Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздің кей өңірлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 20 қазан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. 

Атап айтқанда, Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады.

Атырау облысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Солтүстіктен, солтүстіктен-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады. 

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с артады. 

Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде 1 градус үсік жүреді.