20-22 қазанға арналған ауа райы болжамы
20-21 қазан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз және жылы болады. Бірақ кезекті солтүстік-батыс циклонының келуімен жауын-шашын болуы мүмкін. Республиканың солтүстігінде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді және ауа температурасы төмендейді.