Өрт темекі тұқылын өшірмегендіктен болған
Бүгін елордада бес қабатты тұрғын үйден шыққан өрттен 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде 5 қабатты тұрғын үйдің соңғы қабатындағы пәтерлердің бірінде үй бұйымдары мен тұрмыстық техникалардың 10 шаршыметр аумақта өртеніп жатқаны анықталған», - деп жазылған хабарламада.
Өрт сөндіру барысында оқиға орнынан 1949 жылы дүниеге келген әйелдің және 1977 жылы дүниеге келген ер адамның денесі табылды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, өрт темекі тұқылын өшірмеу салдарынан болғаняч