Оларда ПТР-тест анықтамасы болмаған
17 қазан түнде елімізге әуе рейсімен 1527 жолаушы ұшып келген. Олардың 1251-інде ПРТ тесттен өткен анықтамасы болса, 276-сында болмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Мәселен Нұр-Сұлтан қаласына 6 рейспен 656 жолаушы ұшып келген. Ондағы 528 адамда анықтама бар, 128-де жоқ. Алматыға 9 рейспен 764 жолаушы келген, анықтамасы барлар – 622, анықтамасы жоқтар – 142. Ақтауға 1 рейспен 107 жолаушы келген. Ондағы 6 адамда тесттен өткендігі туралы анықтама болмаған.
Осылайша Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың 82%-да ПТР анықтамасы болған.
Қолдарында COVID-19-ға қарсы анықтамасы болмаған жолаушылардың барлығы екікүндік карантинге жіберілді. Олар ПТР тест тапсырады.