Елімізде қауіпті инфекцияны жұқтырғандар саны 109 302 адамға жетті
Қазақстанда өткен тәулікте тағы 100 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы COVID-19 таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Аймақтар бойынша атап айтқанда:
Нұр-Сұлтан қаласы - 13
Алматы қаласы - 13
Шымкент қаласы - 2
Ақмола облысы - 6
Ақтөбе облысы - 2
Алматы облысы - 5
Атырау облысы - 8
Шығыс Қазақстан облысы - 10
Жамбыл облысы - 1
Батыс Қазақстан облысы - 4
Қарағанды облысы - 6
Қостанай облысы - 4
Қызылорда облысы - 3
Павлодар облысы - 11
Солтүстік Қазақстан облысы – 12 науқас.
Жалпы, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 109 302 адамға жетті.