Облыс ішінде қатынайтын автобустардың қозғалысына әлі де рұқсат берілмейді
Шығыс Қазақстан облысында 17-31 қазан аралығында бірқатар шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
ШҚО Бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Г.Тағаеваның коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын күшейту туралы қаулысында Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының және облыс аудандарының периметрі бойынша шектеу шараларының шекарасын сақтау қажеттігі айтылған.
«Жұмыс күндері (дүйсенбіден жұмаға дейін) тұрғындар арасында маска кию режимі мен әлеуметтік арақашықтық сақталып, демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері бей-берекет көшеге шығу шектеледі. Демалыс орындарына жеке немесе бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан артық баруға болмайды», - делінген құжатта.
Облыс ішінде қатынайтын автобустардың қозғалысына әлі де рұқсат берілмеді.