«Қостанай» халықаралық әуежайының басшысына айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол нысанның терроризмге қарсы қорғалуын тиісті деңгейде қамтамасыз етпеген

Фото: ашық дереккөзден

«Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ басшысына нысанның терроризмге қарсы қорғалуын тиісті деңгейде қамтамасыз етпегені үшін 195 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

«ҚР «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес көлік полицейлері «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ объектісін тексеру барысында мекеме басшысының өзіне сеніп тапсырылған нысанның терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны анықталды», - деп жазылған хабарламада.