Абаттандырылған екінші деңгейлі тұрғын үй бір жыл ішінде 7,5% қымбаттаған
2019 жылғы қазанда жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 289,9 мың теңгені құрады, бұл өткен жылғы қазанға қарағанда 9,3% артық (265,3 мың теңге). Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy тілшісі 7kun.kz-ке сілтеме жасап.
Абаттандырылған екінші деңгейлі тұрғын үй бір жыл ішінде 7,5%, шаршы метр үшін 184,9 мың теңгеден 198,7 мың теңгеге дейін қымбаттады. Жалға берілетін тұрғын үйдің шаршы метрінің бағасы 8,6%, 1,5 мың теңгеге дейін көтерілді.
Сонымен қатар, өткен аймен салыстырғанда республика бойынша орташа есеппен жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрін сату бағасы 1,5%, абаттандырылған тұрғын үйді қайта сату — тиісінше 0,7% өсті. Абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы 0,9% жоғары болды.
Өңірлік бөліністе тұрғын үйдің ең жоғары бағасы үш мегаполис пен Атырауда тіркелді. Ал Қазақстанның оңтүстігі мен Ақтөбеде жылжымайтын мүлік құны арзан.