Әлеуметтік желіде әйелдің «Ақтау қаласында ұшақтан у шашып жатыр» деп айтқан видеосы тарап жатыр
Әлеуметтік желіде белгісіз әйелдің «Ақтау қаласында ұшақтан у шашып жатыр» деп айтқан видеосы тарап жатыр. Осы видеоға қатысты Ақтау Халықаралық әуежайының атқарушы директоры Ерғазы Жолдасов түсінік берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Бұл – ұшақтың қозғалтқышынан шыққан конденсат. Ол жерге түспейді. Ұшақ ұшатын биіктіктегі ауа температурасы – 60 градус. Ұшақтан шыққан ыстық ауа салқын ауамен араласып, қатып қалады. Бірақ 4-5 минут өткеннен кейін ауада шашырап кетеді», - деді Ерғазы Жолдасов.
Оның айтуынша, конденсаттың түсі күн сәулесі қалай түстетініне байланысты өзгеріп отырады: күн шыққанда және батқанда қызыл түс береді, ал күндіз ақ болып көрінеді; қараңғы уақытта көгілдір болады.