ШҚО-да 64 млн теңгеге жөнделген мектептің сапасы сын көтермейді

Автор: Azattyq Rýhy

Мектеп жөндеу жұмысына тағы 250 миллион теңге бөлуді жоспарлап қойған

Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысы Ойшілік ауылының тұрғындары ескі мектепті жөндеуге бөлінген қаржының қайда жұмсалғанын түсінбей дал. Жергілікті халық едені шұрық тесік, іші суық мектепте оқып жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Мектептің төбесінен жаңбырлы күні су ағады. Енді осы олқылықтарды жөндеуге тағы 250 миллион теңге бөлуді жоспарлап қойған.

«2017 жылы Тоғас батыр орта мектебіне 64 млн теңге жөндеу жұмыстарына қаражат бөлу жұмыстары жасалды. Бұл сомаға мектептің терезелері мен есіктері, жылу жүйесі толығымен айырбасталды. Енді 250 мың теңгеге қазіргі күні  күрделі жөндеуге сметалық жасалып, облысқа өтінім беріліп қойды. Әзірге ақшасы толығымен шешілген жоқ. Күтудеміз. Бұл ақшаға мектептің жөнделмеген барлық жұмыстары қайтадан жөнделеді», - дейді ШҚО Тарбағатай ауданы білім беру бөлімінің басшысы    Самал Дауытбаева.